Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қоқыс тастағандар айыппұл арқалады

0 1  306

Күн жылынғалы бері қаланың барлық аумағында құрылыс жұмыстары қарқын алды. Осы уақытта кейбір шаһар тұрғындары тазалықты естен шығарып алады. Салдарынан көше бойына құрылыс қалдықтары мен материалдарды төгіп, заң бұзушылыққа баруда. Ал бұл шаһардың сәніне нұқсан келтіріп, халыққа қолайсыздық тудырады.

Осыған орай Тараз қаласының аумағында 1 мамырдан бастап құрылыс қалдықтарын және стихиялық қоқыс орындарын тазалау мақсатында бір айлық жарияланған болатын. Айлық аясында қала әкімінің аумақтық бас инспекторлары мен учаскелік полиция қызметкерлері шаһар көлемінде жеке және заңды тұлғалардың күл-қоқыс пен құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орынға төгуінің алдын алу, анықтау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуде. Үш аптаның қорытындысы бойынша, құрылыс қалдықтарын көше бойына тастаған 293 мекенжай анықталып, 274 тұрғынға ескерту берілді. Сондай-ақ 18 тұрғынға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар мамыр айының соңына дейін жалғасады.
Құрметті қала тұрғындары мен кәсіпкерлер!
Өз қаламызға қамқорлықпен қарап, тазалықты барынша сақтайық!

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.