Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қоқыс тастаған тұрғындар айыппұл арқалайды

0 433

Таразда санитарлық-тазалық және көріктендіру бойынша көктемгі екі айлық жарияланғаны белгілі. Бұл жұмыстар бүгінде қарқын алып, арық-атыздар қоқыстан тазартылып, тал-дарақтар отырғызылуда. Ұйымдасып сенбілікке шығып жатқан тұрғындардың да қарасы қалың.

Алайда, күл-қоқыстарды арнайы орынға апармай, көшеге шашып тастайтын тұрғындар әлі де кездеседі. Осы бағытта қала аумағындағы 11 аумақтық округтің инспекторлары барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осының нәтижесінде күні кеше тазалыққа салғырт қараған №9 аумақтық округтің тұрғындары, нақты айтқанда, «Көктем» тұрғын алқабы, Н.Әбішев көшесінің 3 тұрғынына ескерту беріліп, 1 айыппұл салынды.
Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады. Қала тазалығы баршамызға ортақ екенін ұмытпайық!

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.