Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Оқу ордасында оқырмандар конференциясы өтті

0 1  371

«Тараз Парасат» жоғары колледжінде «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Ұлы Отан соғысы жылдарында ел мен жер үшін от кешкен батыр, қазақтың жауынгер ұлы, қолбасшы, ерліктің ерен үлгісі  Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Қайталанбас ұланғайыр ұлттық рухани мұра қалдырған бірегей қаламгер» атты оқырман конференциясы ұйымдастырылды.

Конференцияда барысында батырдың ерлігі ешқашан ұмытылмайтыны, сондай-ақ жаңарып, жаңғырып, халықтың жадынан шықпай айтыла беретіні туралы сөз етіліп, оқырмандар арасында сұрақ-жауап алмасты. Шара соңында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана қызметкерлері батыр Бауыржан атамыздың туындыларына шолу жасады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.