Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оңтүстік Африка республикасында жанармай тасымалдайтын көлік жарылып, 15 адам опат болды

0 1  486

Оңтүстік Африкада 60 мың литр сұйытылған көмірсутекті газ тасымалдайтын жүк көлігі жарылып, 15 адам көз жұмды. Тағы ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Йоханнесбургтен 20 шақырым жерде орналасқан Боксбург қаласындағы ауданда болған. Жүк көлігі аласа көпірдің астында қалып қойған, өрт үйкелістен шыққан. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Маңайдағы темір жолдар толығымен бұзылып, ғимараттар, соның ішінде аурухана ғимараты зақымданған. Науқастарды эвакуациялауға тура келді, қаза тапқандардың арасында осы медициналық мекеменің бірнеше қызметкері бар. 24 науқас пен 13 медицина қызметкерін ауыр күйік шалды, аурухананың кіре берісінде және көлік тұрағында басқа да адамдар жарақат алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.