Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Оқитын өңір»

0 730

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 01 ақпан-25 мамыр аралығында «Оқитын өңір» республикалық online байқауын жариялаған болатын. Байқаудың мақсаты:
– балалар мен жасөспірімдерді көркем әдебиеттің үздік үлгілерімен оқуға тарту;
– оқи отырып ұлттық рухани мәдениетімізді оқырманға насихаттау;
– оқырмандардың шығармашылық қабілетін арттыру;
Байқауға бірнеше облыстан балалар мен жасөспірімдер қатысты. Нәтижесінде бүгінгі заманмен салыстыра отырып, өз ойларын ашық жазып жан-жақты баға бере білді.
Шығармашылық жұмыстарын жіберген оқырмандардың арасынан қазылар алқасының шешімімен мына үміткерлер марапатталды.
Жамбыл облысының 7 сынып оқушысы Тұрғанбай Нұрай Б.Соқпақбаевтың «Менің атым қожа» повесі, А.С.Пушкиннің «Капитан қызы» романына жазған пікірінде ойын көркем жеткізе алды, оқиғаларды баяндауда түрлі теңеулермен көркемдеп жеткізу шеберлігін меңгерген оқырманның айтар ойы анық, көркем тілді оқиғаларды баяндау барысында көзбен көріп, жүрекпен сезінген, көкейіне тоқыған сәттерді шебер тілмен жеткізе білгендігі үшін «Ең үздік пікірдің авторы» номинация беріліп, ұялы телефонға ие болды.
Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» повесі желісімен жазған пікірінде көркем шығарманың өзіне ұнаған тұстарын, әсірелеп баяндау тәсілін жетік меңгергендігін ескеріп, «Кітапхана досы» номинациясы бойынша Қызылорда облысынан қатысқан 10 сынып оқушысы Сұлтанғазиева Ақжан смарт сағатымен марапатталады.
«Зерделі оқырман» номинациясы әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялаған пост-пікірлердің жалпы санымен, тілдік құралдардың мазмұнымен, көлемі, сауаттылығы мен жарықтығымен алға шыққан Жамбыл облысынан қатысқан 7 сынып оқушысы Нұржан Заңғар Саятұлына берілді.

Байқауға қатысқан басқа да үміткерлер:
Астана қаласынан қатысқан Қарасартова Эльнара, Ильясов Әділ,
Жамбыл облысынан қатысқан Қасымов Нурел,
Қызылорда облысынан қатысқан Қазбекқызы Шарифа ынталандыру сыйлығына ие болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.