Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қоғамдық көліктердің саны көбеюде

Шаһарға жаңа 20 автобус алынды

0 499

Соңғы күндері облыс орталығында қоғамдық көліктердің мәселесі жиі көтерілуде. Әсіресе Тараздағы №15 ықшамауданға қатынайтын автобустың аздығына байланысты көптеген шағым түсуде. Бұл мәселеге қатысты жуырда қалалық әкімдік жағымды жаңалықты жеткізді.

– Бүгінде қалаға жаңа 20 автобус алынды. Компания қазір толық төлемақы жасаған. Аталған автобустар 1 айдан бері орын алған кезекке байланысты қытай-қазақ шекарасында тұр. Қоғамдық көліктер қалаға келген соң, №15 ықшамауданға қатынайтын 28, 55-ші бағыттарға қосымша автобустар қосылып, бұл мәселе шешімін таба- ды, – делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.
Жалпы бүгінде тараз-дықтардың қажеттілігін өтеу үшін қосымша 15 бағыт, 200 автобус қажет. Қоғамдық көлікті дамытудың 3 жылдық жоспарына сәйкес, бұл мәселе жыл сайын кезең-кезеңімен реттелмек.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.