Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын волонтерлар үшін бір күндік оқыту-семинары өтті

0 1  065

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы базасында волонтерлар үшін бір күндік оқыту-семинары өтті. Мұндағы басты мақсат – волонтерлардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамда кездесетін кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтау және мемлекеттік органдарға жүгінудің жолдарын түсіндіру.
Семинар барысында құрылыс, автомобиль жолдары, жер қатынастары, мемлекеттік сәулет құрылыс-бақылау, аудит салалары бойынша уәкілетті орган өкілдері өз бағыттары бойынша презентация жасап, семинар жүргізіп, қоғамдық бақылау жүргізудің әдіс-тәсілдерін үйретті. Сонымен қатар, «Әділдік жолы» РҚБ өкілдері мемлекеттік сатып алу саласына мониторинг жүргізу тәжірибесімен бөлісіп, бюджет қаржысын үнемдеудің жолдарын көрсетті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.