Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қоғам қайраткері – құрмет құшағында

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев – 75 жаста

0 254

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Еркінбек Солтыбаев мерейлі 75 жасқа толды. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков пен мәслихат хатшысы Батырбек Құлекеев ардагерді арнайы барып құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.

– Сіз қоғамдық істерге белсене араласа жүріп, қасиетті Әулиеатаның рухани-мәдени тұрғыда өркендеуіне қомақты үлес қостыңыз. Қаламыздағы ардагерлермен бірлесіп атқарған жұмысыңыз да аз емес. Өнегелі өмір жолыңыз өскелең ұрпаққа үлгі, зор тағылым. Сізді осынау мерейлі жасыңызбен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт, отбасыңызға құт-береке тілеймін, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.

Еркінбек Солтыбаевтың есімі жамбылдықтарға жақсы таныс. 1947 жылы Жуалы ауданы Күреңбел ауылында дүниеге келген  ол еңбекке ерте араласты. Еңбек жолын Көкшетау мал бордақылау ұжымшарында бригадир болып бастап, әр жылдары жауапты қызметтерді атқарды. Жуалы ауданының әкімі, облыстық әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы, тексеру комиссиясының төрағасы бола жүріп, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша еңбек сіңірді.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.