Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

0 1  743

Ағымдағы жылдың 28 қаңтары «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ Съезі өтпек. Аталған Съезде партия, сондай-ақ, мемлекетіміз үшін маңызды, тарихи шешімдер қабылданбақ. Осыған орай, бүгін «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың төрағалығымен кезектен тыс Саяси кеңестің отырысы өтті.
Отырыста жоғарыда аталғандай ХХІ съезге делегаттар сайлау туралы мәселе қаралды. Дауыс беру қорытындысы бойынша съезге қатысатын делегаттардың тізімі бекітілді.
Аймақтағы эпидахуалға байланысты онлайн және оффлайн форматында болған кеңеске аумақтық филиалдардың төрағалары мен бірінші орынбасарлары, мәслихат депутаттары, партия белсенділері қатысты.
Саяси кеңесте партияның ХХІ Съезіне белгіленген квотаға сәйкес 19 делегат сайланды. Съезге филиал төрағасы мен оның бірінші орынбасары, республикалық Саяси кеңес мүшелері және аумақтық филиалдар төрағаларының бірінші орынбасарлары қатысатын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.