Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды

0 362

Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тексеріс басталды деп хабарлады turkystan.kz.

«Әнші Төреғалиге қатысты іс бойынша 29 қыркүйекте әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осы жарияланым анықталды. Оқиға 28 қыркүйек күні Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында болған. Құқықбұзушылық ҚР ҚК-нің 293-бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайлары анықталатын болады»– деп жазылған Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижесі Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

Бұған дейін әншінің гидті соққыға жыққаны жайлы ақпарат жарияланып, оқиға орнынан видео тарады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.