Қалалық қоғамдық-саяси газет

Несие алу тәртібі өгереді: азаматтар қалай несие рәсімдей алады?

0 1  388

Енді азаматтарға онлайн кредит тек биометриялық сәйкестендіруден кейін ғана рәсімделеді. Яғни несие алмақшы болғандар саусақ ізін ұялы телефонына тақап жеке басын растауға тиіс.

Бұл әзірге «Ашық» заңды тұлғалар порталында қоғамдық талқылауға шығарылған жоба ғана. Алайда қазірдің өзінде көпшіліктің бұл ұсынысты қолдап жатқанын байқауға болады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдері:

«Қарыз алушы мен микроқаржы ұйымдарының арасындағы қарым-қатынасты осылайша реттемесек, несие қамытын кигендер күн санап өсуде»,- дейді.

Одан бөлек, интернет алаяқтар біреудің атынан кредит рәсімдеуді үйреншікті дағдыға айналдырған. Сондықтан әр адамның ұялы телефонындағы қайталанбас саусақ іздері алаяқтардың жымысқы әрекетіне тұсау болады деп отыр құзырлы органдар.

bugin.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.