Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді өндірістік бақылау

0 2  314

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 51-бабына, 82-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №62 «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметі бойынша өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

Өндірістік бақылаудың мақсаты – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік актілер талаптарының сақталуын өзін-өзі бақылау объектісінде ұйымдастыру және жүргізу жолымен адам үшін өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету. Өндірістік бақылау объектілеріне (өзін-өзі бақылау) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілер тізбесі жатады.
Кодекске және Санитариялық қағидаларға сәйкес өндірістік бақылау мыналарды қамтиды:
– өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеу;
– халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес зертханалық зерттеулер мен өлшемдерді жүзеге асыру (ұйымдастыру);
– медициналық тексерулердің уақтылы және толық өтуін – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес бақылау;
– өнімнің қауіпсіздігі мен сәйкестігін растайтын құжаттардың болуын бақылау;
– тәуекел факторларын бағалау, анықталған қауіптерді, қауіпсіздік критерийлерін және (немесе) өндірістік және қоршаған орта факторларының зиянсыздығын талдау және процес- тердің қауіпсіздігін бақылау әдістерін анықтау;
– өндірістік бақылауды жүзеге асыруға байланысты құжаттаманың есебі мен есептілігін жүргізу;
– халықты, жергілікті атқарушы органдарды, халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды апаттық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы, объектінің қызметіне байланысты жаппай (үш және одан да көп жағдай) халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп төндіретін инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар туралы хабардар ету схемасын әзірлеу;
– өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылау.
Өндірістік бақылау бағдарламасы объектіде бар қауіптер (қауіп факторлары) ескеріле отырып әзірленеді. Зертханалық зерттеулер мен сынақтардың номенклатурасы, көлемі мен кезеңділігі өндірістің санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын, зиянды (қауіпті) өндірістік факторлардың болуын, олардың адам денсаулығына және оның мекендеу ортасына әсер ету дәрежесін ескере отырып айқындалады. Аспаптық және зертханалық зерттеулерді жеке кәсіпкер, заңды тұлға өндірістік зертханалар базасында, немесе халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар зертханаларды (сынақ орталықтарын) тарта отырып жүзеге асырады. Өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерде жүргізілетін өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне осы Санитариялық қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша келесі айдың 5-і күніне дейін жарты жылда 1 рет ұсынылады.
Өндірістік бақылау бағдарламасы жаңа технологияны енгізу, технологиялық процеске, тамақ өнімінің рецептурасына өзгерістер енгізу, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығына әсер ететін және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіретін басқа да өзгерістер кезінде қайта қаралуға жатады.

Д.Байсбай,
Тараз қалалық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының өнеркәсіптік және
коммуналдық обьектілерді санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.