Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өнеркәсіпті дамыту – басты міндеттердің бірі

0 264

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтуде. Брифингте аймақ басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасауда.

– Мемлекет басшысы алға қойған басты міндеттердің бірі – өнеркәсіпті дамыту және инвестиция тарту. Ағымдағы жылдың 7 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 494,9 млрд теңгені немесе 96,7 пайызды құрады.

Өндіріс көлемінің төмендеуінің негізгі себептері әлемдік нарықтағы бағаның 1 145 доллардан 490 долларға дейін төмендеуіне байланысты минералды тыңайтқыштар өндірісінің қысқаруы, басқа елдерден арзанырақ өнімдерді әкелу есебінен қант өндірісінің төмендеуі болып табылады.

Жыл соңына дейін алдымызда өндіріс көлемін арттыру міндеті тұр. Біз бұл өсімді KORCEM цемент өндіру зауыты, Karatau Chemicals пиросульфит өндіру зауыты және Шатыркөл байыту фабрикасы сияқты ірі өндіріс орындарын іске қосу арқылы жоспарлап отырмыз. Бүгінде «Қазфосфат» ЖШС-мен бірлесіп, өндірісті жаңғырту және өнім түрлерін кеңейту үшін инвесторлар іздеу жұмыстары аяқталуда.

Облыстағы 856 өнеркәсіптік кәсіпорында 44,3 мыңға жуық облыс тұрғыны еңбек етуде, – деді облыс әкімі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.