3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай Қазақ зағиптар қоғамы Жамбыл облыстық филиалында ерекше жандардың таланты мен өмірлік жігерін дәріптеуге бағытталған «Өнерім – жанарымның шырағы» атты сырласу кеші өтті.
Шараның мақсаты – көру қабілеті шектеулі азаматтардың шығармашылық әлеуетін таныту, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру және өмірге деген құлшынысын насихаттау болды. Кеш барысында қатысушылар жүрекке жылы әсер қалдырған әуезді әндер шырқап, әсерлі өлеңдер оқып, өздерінің рухани әлемінен сыр шертіп, көпшілікке шабыт сыйлады.
Жиналған қауым ерекше жандардың өнері арқылы олардың күш-жігерін, өмірге деген талпынысын сезініп, бір-біріне қолдау көрсету мен түсіністіктің маңызын тағы бір мәрте ұғынды.
Бұл игі шара мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы орнын айқындап, олардың өнері мен қабілетін кеңінен тануға мүмкіндік берді.