Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өнер қызметкерлерінің жалақысы Қазақстандағы орташа еңбекақыдан 3 есе төмен

0 380

Қазақстанда өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істейтін азаматтар ең төмен жалақы алады. 2021 жылдың ІІІ тоқсанында сектордағы орташа жалақы 162,6 мың теңгені құрады. Бұл Қазақстан бойынша орташа жалақыдан үш есе төмен, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Алайда осы жылдың ІІ тоқсанында өнер саласындағы жалақының сатып алу мүмкіндігі 1,7% өсті. Ал жалпы Қазақстан бойынша керісінше 5,1% төмендеген еді.

2021 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша, өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы қызметкерлердің саны 69,9 мың адамға жетті. Бұл І тоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 3,2% аз, ал өткен жылмен салыстырғанда 0,3% аз.

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнер, ойын-сауық және демалыс секторындағы қызметтер көлемі 33,2 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,7% аз. Ал коронавирустық пандемия басталған кезеңге дейінгі уақытпен салыстырғанда 16,4% төмен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.