Қалалық қоғамдық-саяси газет

Немісше ән салған Мәдина Сәдуақасова Германия жұртын тәнті етті

0 202

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы Германияда аталып өтті. Қазақтың сәнгерлері мен өнерпаздары Берлинде өз өнерлерін паш етті. Солардың бірі – Мәдина Сәдуақасова неміс тілінде ән шырқап, Германия жұртын тәнті етті, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kzсайтына сілтеме жасап.

Белгілі отандық ARUNAZ сән үйі ұлттық киімдердің көрсетелімін өткізді. Ал Мәдина Сәдуақасова халық әні «Япурай»-ды орындады. Артынша неміс тіліндегі Франц Ксавьер Грубердың “Stille Nacht” атты туындысын шырқап, Германия жұртшылығын тәнті етті. Әнші шет тіліндегі әнді бір күнде жаттағанын айтады.

«Неміс халқы ұстамды, сәл қаттылау келеді, қол шапалақтағанға, эмоцияға онша жоқ, деді маған. Бірақ өздерінің сүйікті әндерін өз тілдерінде естігенде жүректері жібіп, әнге қосылып, ашылды кәдімгідей. Бір күнде жаттап алған неміс тіліндегі  “Stille Nacht” әнін қалай орындағанымды сіздер де естіп қалыңыздар», – деп бөлісті Сәдуақасова желідегі парақшасында.

/>

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.