Қалалық қоғамдық-саяси газет

Назарбаев қоры елдегі өзіне тиесілі жылжымайтын мүліктерін мемлекетке қайтарды

0 345

Нұрсұлтан Назарбаев қоры Алматы мен Астанадағы кей нысандарды мемлекетке қайтарған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің жауабында айтылады, деп хабарлайды Экспресс К

Қордың бірқатар жылжымайтын мүлкін мемлекетке қайтарғаны жайында Halyq Uni ақпараттық сайты жазды. Дерекке сүйенсек, ресми сауалға жауап кезінде Қаржы министрлігі нақты қай нысандар екенін және оның жалпы сомасы қандай болғанын ашып айтпаған. Бұл ақпарат құпия саналады екен.

 

«Қазіргі уақытта республикалық меншікке тиісті сыйға тарту шарты негізінде Астана және Алматы қалаларында Қордың мүлкі (жиһаздалған және жабдықталған жылжымайтын мүлік нысандары) қабылданды. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мүлкін мемлекеттік меншікке өтеусіз негізде беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 қаулысымен бекітілген Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасымен реттеледі. Оның 2-тармағына сәйкес мемлекетке Сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығын беру туралы шешімді мүліктің меншік иесі қабылдайды және заңнамада белгіленген тәртіппен рәсімделуі тиіс», — делінген ресми жауапта.

 

Жалпы, бүгінгі таңда мемлекет меншігіне телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, экология және тағы басқа салалардан сыйға тарту шартымен 10 АҚ және ЖШС акциялар пакеті мен қатысу үлесі, 5 жылжымайтын мүлік нысаны және 100 млн АҚШ доллары мен 1,49 млрд теңге қайтарылды.

Атап айтқанда, телекоммуникация саласында «Қазақтелеком» АҚ (28,8%), теміржол инфрақұрылымы саласында «Көліктік сервис орталығы» АҚ (100%, мүлік құрамында жалпы ұзындығы шамамен 250 шақырым болатын 400-ден астам кірме теміржол қабылданған), экология саласында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (50% + 1 акция), «Оператор ӨКМ» ЖШС (100%) акциялар пакеті қабылданды. Республикалық меншікке қабылданған жылжымайтын мүлік нысандарының қатарында Алматы қаласындағы спорттық жаттығу кешені, Астана қаласындағы «Болашақ» бизнес орталығының ғимараты және тағы басқалар бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.