Қалалық қоғамдық-саяси газет

Наурыз мейрамында 1 500-ден астам полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

0 134
20 наурыздан бастап Жамбыл облысы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасында жұмыс істеп жатыр.
Жамбыл облысының ПД бастығы Бақытжан Малыбаев барлық патрульдеу және бейнебақылау қызметтеріне мереке күндері аймақ тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы негізгі міндеттерді белгілеген болатын.
Халық көп жиналатын орындар мен көңіл көтеру орындарында патрульдік жасақтар ұлғайтылды. Сондай-ақ Тараз қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жаппай мерекелік іс-шараларды өткізу орындарын бақылау күшейтілді.
Жалған мемлекеттік нөмірлермен көлік басқару, қарсы жолаққа шығу, мас күйінде көлік жүргізу, жылдамдық режимін бұзу сияқты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше назар аударылады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.