Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұржан Нұржігітов Қордай ауданыңда пилоттық жобаның жүзеге асу барысымен танысты

0 386

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл ауылдық округіндегі «Тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының қай деңгейде іске асып жатқанын тексерді.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ауылдық округ әкімі Айдар Бірімқұлов жан-жақты баяндады.
Оның айтуынша елді мекен тұрғындарына 2,5 пайызбен жалпы көлемі 704,1 млн теңге несие берілген.
Бүгінде ауылдық округтегі 950 аула үй іргесіндегі жерді тиімді игеріп отыр.

Жоба аясында ауылдықтар 4193 бас мал сатып алған. Нәтижесінде ауылдықтардың орташа табысы 500 мың теңгеден асып, жұмыссыздар саны 2,5 есеге қысқарған.

– Жобаға дейін округте 131 жеке кәсіпкер тіркелсе, несиелендірудің аясында 381-ге көбейді. 83 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 113 отбасыға азайды. Жобаға 38 атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы қатысты. Жобаға дейін қатысушылардың орташа жылдық табысы артты,-деді А. Бірімқұлов.

Облыс әкімі өнімдерді делдалсыз өткеруді ұйымдастыруды тапсырып, жұмысты жүйелей түсуді міндеттеді.

– Ет, сүт өнімдерін өткеруде делдардарсыз, тікелей өткеруді ұйымдастыру керек. Әрбір пайда ауыл тұрғындарының қалтасына түсу керек. Бұл тұрғыда нақты талдау жүргізіңіздер.

Бұл жобаның тәжірибесін Мемлекет басшысының өзі қолдап, ел көлемінде таратуды тапсырып отыр. Осындай игі бастама аясындағы жұмыстарды жүйелей түсу керекпіз.

Ауыл әкімі елді мекендегі әр отбасының жағдайынан хабардар болуы тиіс. Мемлекет қолдауларды ауылдықтар сезінуі маңызды. Ол үшін ауыл әкімі барлық жеңілдіктер мен мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіншілігін өзі жете түсініп, халыққа жеткізуі қажет,-деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.