Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтандағы мектептердің біріне Қонаевтың есімі беріледі

0 165

Ел Үкіметі елордадағы бірнеше мектепке ұлт зиялылары мен тұлғаларының есімдерін беруге дайындалып жатыр. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Orda порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы Қонаев көшесіне жақын орналасқан №66 мектеп-лицейге Қазақ КСР-ін 30 жылға жуық басқарған Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру жоспарланған.

Үкіметтің қаулы жобасына сәйкес, Нұр-Сұлтанда мынадай өзгерістер енгізіледі:

1) №11 мектеп-лицейге – Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;

2) №49 орта мектепке – Қошке Кемеңгерұлының есімі;

3) №69 гимназия мектебіне – Кемел Ақышевтың есімі;

4) №2 балалар музыка мектебіне – Роза Бағланованың есімі;

5) №3 балалар музыка мектебіне – Ермек Серкебаевтың есімі;

6) №66 мектеп-лицейіне – Дінмұхамед Қонаевтың есімі;

7) №77 гимназия мектебіне – Фариза Оңғарсынованың есімі;

8) №83 мектеп-гимназияға – Ыбырай Алтынсарин есімі беріледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.