Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда медицина қызметкері лифтіде қажетін өтеген

0 406

Медицина қызметкері елордалық тұрғын үй кешенінің лифтінде қажетін өтеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Оқиға туралы тұрғын үй кешенінің тұрғындары хабарлап, медициналық формадағы әйелдің лифт кабинасында зәр шығаруған сәті түсірілген видео жіберді.

«Бұл оқиға 14 шілдеде орын алды. Медицина қызметкері Шәкәрім Құдайбердіұлы мекен-жайына келіп, екінші подъезге, лифтіге кіріп, 8 қабатты шақырып, лифт кабинасына зәр шығарған», – деді үй тұрғындарының бірі.

Елорданың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі видеода түсірілген оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Видеодағы медицина қызметкері қалалық емхана жанындағы мобильді бригаданың қызметкері болды. Алайда, емхана басшылығының хабарлауынша, медицина қызметкері 15 шілдеден бастап ұйымда жұмыс істемейді. Басшылықтың хабарлауынша, медицина қызметкері жасаған ісіне өкініп, жеке өзі осы ТК тұрғындарынан кешірім сұрады. Бұл конфликт өз шешімін тапты», – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.