Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда екі жасар бала министрліктер үйінің маңындағы кәріз құдығына құлап кетті

0 292

Нұр-Сұлтанда екі жасар сәби кәріз құдығына түсіп кетті. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі жасар баланы нейрохирург және травматолог қарап шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы сәбиге қажетті көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем алуға жіберілгендігін хабарлады.

«Бүгін травматологиялық пунктке 2020 жылы дүниеге келген сәби түсіп, оны нейрохирург пен травматолог қарады. Бала қараған кезде ес-түсін біледі, мазасыз емес. Оған қажетті барлық көмек көрсетілді. Сынған жері жоқ, миы шайқалмаған. Кеңес берілді. Қазіргі уақытта бала амбулаторлық ем алуға жіберілді», – деді департаменттен.

Айта кетсек, оқыс оқиға 2 тамыз күні түстен кейін министрліктер үйі аялдамасының жанында орын алған. Бесік арба сүйреткен анасымен қатар келе жатқан сәби кәріз құдығының қақпағының үстімен өтіп бара жатқанда ол ашылып кетіп, ішіне түскен. Оқыс оқиғаға куә болған азаматтың бірі құдықтың ішіне түсіп, сәбиді алып шыққан.

Елордалық ТЖД оларға қоңырау шалылмағанын атап өтті.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі оқиға орын алған учаскеге мән-жайды анықтау үшін «Астанатеплотранзит»  бөлімінің бастығы мен қызметкерлері шыққанын хабарлады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.