Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда қарындасын қорғауға келген 19 жастағы жігітті белгісіз азаматтар ұрып тастаған (видео)

0 603

9 қараша күні елордада 17 жастағы екі бойжеткен қала орталығындағы «Керуен» сауда орталығында болған. Сол жерде оларға бейтаныс жігіттер тиісе бастаған және кейіннен оларды қорғау үшін ағасы келеді деп жазады astanovka98 Телеграм-арнасы. Бұл жайында«Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыздардың бірі өзінің 19 жастағы ағасына қоңырау шалған. Нәтижесінде қарындастарын қорғау үшін келген жігіт соққыға жығылады. Қақтығыстың қалай басталғаны видеоға жазылып қалған. Кадрдан төбелестің сауда орталығының сыртында болғанын көруге болады. Полицейлер әлі күнге дейін төбелеске кінәлілерді таба алмауда.

Желі қолданушылары қыздарға тиісіп, кейіннен олардың ағасын ұрған ер адамдардың әрекетін сынап, олардың бұл әрекеттері жазасыз қалмайды деген сенімдерін жасырмаған.

Полиция өз кезегінде жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.