Бүгін Тараз қалалық әкімдігінің қолдауымен және қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұмыт болған ұлттық тағамдар» фестивалі өткізілді. Ұмыт бола бастаған қазақ халқының ұлттық тағамдарын жаңғыртып, оның мәні мен маңызын жас ұрпақ арасында насихаттауды мақсат еткен шараға шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев, орынбасары Бақдәулет Сариев, облыстық білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов, қалалық білім бөлімінің басшысы – Қожамжарова Раушан, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары, педагогикалық еңбек ардагерлері, ұстаздар қауымы, ата-аналар, оқушылар және қала тұрғындары қатысты.
Фестиваль барысында 10-нан астам ұлттық тағам көпшілік назарына ұсынылса, өнерпаздар ән мен биден шашу шашты.