Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық «Достық» мәдениет үйінде «Тәуелсіздік – ән-жырым!» атты Ақсай, Мыңбұлақ ауылдық округтерінің және Б.Момышұлы ауылының аудандағы күндері өтті.
Сондай-ақ, аудандағы орталық алаңда азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Шараға аудан әкімі Олжас Қаржауов қатысып, алдымен ауыл еңбеккерлерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін аралады. Әрі қарай аймақ басшысы славян, әзірбайжан этномәдени бірлестіктерінің салт-дәстүрлерінен сыр шертетін көрмелерімен танысты.
«Спорт – бейбітшілік елшісі», дегендей әрі қарай аудан басшысы аудан әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен асық, дойбы және арқан тартыс ойындарына ден қойды. Сонымен қатар, аудан суретшілерінің суреттеріне, қолөнерші әжелердің қолөнер бұйымдарынан қойылған көрмеге ерекше назар аударды.
Бұдан соң шара «Достық» мәдениет үйінде ауылдық округ өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасын тауып, көрерменнің көңілінен шықты.