Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құмшағалдықтар республикалық референдумды қолдайды

0 187

«АЭС бізге не береді?»  деп сұрайды бізден, яғни, Халықтық штаб мүшелерімен өткен кездесулерде әулеиеаталық тұрғындар.
Атом электр станциясы біздің мемлекетімізге, біріншіден, энергетикалық тәуелсіздік береді.
Екіншіден, парниктік газ шығарындыларын азайтады, яғни, экология талаптары қалыпқа келеді.
Үшіншіден, жаңа жұмыс орындары құрылады, яғни, кемінде он мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.
Төртіншіден, ел экономикасы бұрынғыдан да жылдамырақ әрі қарқынды дамитын болады.
Құмшағал тұрғын алқабындағы №19 орта мектепте №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры Гулжауһар Үшкемпірқызы Құшанова екеуіміз АЭС-ті салудың маңызы туралы сөз қозғадық.
Жиынға қатысушылар біздің ойымызды қолдайтындарын, алда болатын референдумға бір кісідей қатысатындарын білдірді.

Үміт БИТЕНОВА,
облыстық халықтық штаб мүшесі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.