Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құмшағалдық түлектер жарап тұр

0 202

№56 Құмшағал орта мектебінің 2000 жылғы түлектері өздері білім алған мектепке демеушілік етті.

Сәндібек АСАНӘЛІҰЛЫ

Аталмыш мектептің кіреберісінде бастырма бар. Онда балаларының мектептен шыққанын тосып ата-аналар отырады. Себебі ішке кіріп күтуге рұқсат жоқ екен. Әсіресе қыс мезгілінде қиын. Былтыр 2000 жылғы түлектердің мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған. Осы датаға орай олар мектепке барып, көмек қолын созуға дайын екендерін айтқан. Сәйкесінше мектеп басшылығының сұранысы бойынша мектеп алдындағы бастырманың орнына жылы әрі ыңғайлы орын жасаған. Бұған түлектер бір миллионнан астам қаржы жұмсаған.

– Былтыр мектеп бітіргенімізге 20 жыл болған соң, мерейлі күнді атап өттік. Иә, өзіміз білім алған мектепке көмегіміз тисін деген ниетпен сыныптастарымызбен келісіп, ұйымдасып іс тындырдық. Одан бұрын біз оқып жүргенде директор қызметінде болған Ережеп Бекеевке жолыққанымыз бар. Біз қандай да бір көмек қажет болса, қол ұшын созуға дайын екенімізді айттық. Сөйтіп, мектеп ұжымының өтініші бойынша мектеп алдындағы бастырманы қоршап бердік. Қазір құрдастарымыз сан салада табысты еңбек етуде. Әрқайсысы өзінің оң жамбасына келетін шаруамен айналысып жүр. Әрине, өмір жолында баланың болашағына үмітпен қарап, білгенін үйреткен мұғалімдердің еңбегі зор. Біз соны ешқашан ұмытпауымыз керек деп ойлаймын, – дейді мектептің түлегі Ботагөз Нұржанова.

Кездесуде түлектер қайырымдылық шараларына да атсалысып, білім берген ұстаздарына сый-сияпат жасауды да ұмытпаған. Нұрбол Әбдіқалық бастаған мектеп ұжымы 2000 жылғы түлектерге ризашылығын білдіріп, алғыс айтуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.