Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мотивациялық кітаптардың мәні

0 339

Үлкендер «кітап оқыңдар деп жиі айтып отыраушы еді. Жастар арасында «Махаббат, қызық мол жылдары» мен «Менің атым Қожа» повесі жиі аталады. Әлі күнге дейін бұл қос шығарма өз мазмұнын да, маңызын да жоғалтқан жоқ. Десе де бүгінде психологиялық және мотивациялық кітаптарға сұраныс жоғары. Мотивациялық кітаптардың мәні неде? Расымен де олар көркем әдебиетті алмастыра ала ма?

«Жаман әдеттен арылудың 11 әдісі» , «Бай болудың жолы». Осы секілді сәнге айналған мотивациялық   кітаптар кітап сөрелерінен көптеп табылуда. Дегенмен осылар расымен де жалқауды еңбекқорға, ал табысы төменді ауқаттылар қатарына қоса ала ма?

Бүгінде кітап оқимын деген оқырманға  мүмкіндік көп. Мәселен, Шоқан Уалиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қоры 251 мыңнан асады. Десе де, дәл жастардың көңілі мотивациялық шығармаларға ауған. Айта кетерлігі көркем шығармалар 15 күн мен 1 ай уақыт аралығына берілсе, ал бұл кітаптар сұраныста болғандықтан тек белгілі бір шекті күнге ғана беріледі. Мына дерекке назар аударсаңыз. «Меломан» сауда желісі көп сатылған 10 кітаптың тізімін жасапты. Алғашқы орында Михаил Лабковскийдің «Хочу и буду» кітабы тұр.

Иә, жастар өз бетінше оқитыны – мотивациялық кітаптар. Олар бір адамның өмірін қайталап көргілері келеді, сол жолмен жүргілері келеді. Алға үлкен жоспар құрғылары келеді. Сол себепті мотивациялық кітапты өздеріне жақын тартатын көрінеді. Дегенмен көркем қазақ әдебиетінің орнын алмастыра алмас.  «Адам қолымен жазылғанның бәрі оқырман тәрбиелейді» деп кесіп айтуға да болмас. Мықты кітап бәрібір електен өтіп, саф алтындай сақталып қалады. Ақиқатын уақыт көрсетеді.

Ардана ҚЫСНАҚБАЙ,

М.ХДулати атындағы Тараз өңірлік университеті Журналистика мамандығының 4-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.