Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мобильді қоғамдық қабылдау Байзақ ауданында өтті

0 303

Өңірде «АМАNАТ» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау жалғасын табуда. Аудандарда өтіп жатқан шарада ауыл тұрғындары түрлі мәселелерді көтеріп, тұшымды жауаптар алуда. Сондай-ақ сала мамандары кеңестер де беруде. Осы орайда, мобильді қоғамдық қабылдау Байзақ ауданының Қостөбе, Бурыл және Сарыкемер ауылдық округтерінде өтті. Қабылдауға «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ермұхамед Жұмабек, аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов пен бөлім басшылары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Олар аталған ауылдық округ тұрғындарының сауалдарына жауап берді.
Жалпы, аталған ауылдық округтерде түйіні тарқамаған, шешуді қажет ететін мәселелер бар. Атап айтқанда, жол, ауыз су жүйелері жүргізу, электр жарығы, саябақ салу, жер телімін алу сынды өзекті мәселелер көтерілді. Ол бойынша жауапты сала мамандары тұщымды жауаптар берді. Яғни, мұның барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асатын жобалар. Сондай-ақ ауыл халқы зейнетке шығу, денсаулығына байланысты мүгедектік алу, тұрақты жұмысқа орналасу бойынша кеңестер де алды.
Шара барысында 53 адам әртүрлі мәселелермен келген болса, олардың 9-нің мәселесі өз шешімін тапты. Сонымен қатар 11 азаматтың көтерген проблемасы бақылауға алынды. Қалғандарына заң аясында жауапты сала мамандары түсініктеме берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.