Нью-Йоркте «Miss USA» жарысының 2019 жылғы жеңімпазы Чесли Кристтің мәйіті көпқабатты үйдің маңынан табылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
30 жастағы Чесли Кристтің мәйіті таңертең 60 қабатты үйдің жанынан табылған. Крист бұл ғимараттың 9-қабатында тұрған. Куәгерлер оны соңғы рет 29-қабаттан көрген.
Басылымның мәліметінше, Крист өлер алдында жазған хатында барлығын өз анасына қалдыратынын жеткізген.
«Біздің сүйікті Чеслиіміздің қазасын сіздерге қайғыра жеткіземіз. Ол әлемдегі барлық адамдарға өзінің сұлулығы мен күшін дарытатын ерекше сәуле шашатын. Ол өте қамқор еді, әрқашан күліп жүретін», – деп жазды Чеслидің отбасы.
Қайтыс болардан бұрын Крист өз Instagram парақшасында жазба жариялап, «Бұл күн сіздерге тыныштық алып келсін» деп жазған.