Қазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова желіде жаңа суреттерімен бөлісіп, қалың көпшілікті өзіне қаратты. Желі қолданушылары өнер иесінің мінсіз мүсініне тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Құралай Анарбекова соңғы жасаған фотосессиясының нәтижелерімен Instagram парақшасында бөліскен. Суретте актриса өзінің бар дене сымбатын паш еткен,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқырмандар бірден киножұлдызды қызу талқылап, оған деген өз пікірлерін білдірді. Бірі оның мінсіз мүсініне тәнті болса, енді бірі оның кино туындыларын асыға күтіп жүргендерін жазды. «Сұлу қыз», «Ешқашан өзгермейді. Қартаймайды», «Қандай әдемісіз», «Жарайсың, мінсіз мүсінді сақтап тұру оңай шаруа емес», «Тезірек киноларыңызбен қуантсаңызшы», «Тойхана қашан шығады», «Фильмдеріңізді асыға күтіп жүрміз», «Жүрегіңіз бос па», – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, бүгінде Құралай Анарбекова өзінің «Тойхана» фильмін жарыққа шығарумен айналысып жатыр. Аталмыш туынды осыдан екі жыл бұрын түсіріліп қойғанымен, қалың көрерменге енді ғана жол тартады.