Қалалық қоғамдық-саяси газет

Министрлік: коронавирустан 1 адам қайтыс болды

0 418

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

Ведомство дерегіне сәйкес, коронавирустан 1 науқас қаза болды. Жалпы 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 23 тамызға дейін елімізде коронавирустан 13 682 адам көз жұмды. Ал коронавирус пневмониясынан 5357 адам қайтыс болды.

Қазір өңірлерде аталған індеттен 20 409 адам емделуде, оның ішінде 20 086-сы (КВИ+) коронавирустан, 323-і (КВИ-) коронавирус пневмониясынан. 729 пациент – стационарда, 19 680 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 18 адамның жағдайы ауыр,

– 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

– 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.