Байқоңыр ғарыш айлағында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен «Роскосмостың» бас директоры Юрий Борисовтың кездесуі өтті деп хабарлады turkystan.kz Kaz.tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
Бағдат Мусин Роскосмос басшысымен «Байқоңыр» ғарыш кешенінде туризмді дамыту мәселесін талқылап, туристер үшін онлайн жүйе арқылы өткізу рәсімін жеңілдетуді ұсынды.
«Онлайн-өткізу жүйесін цифрлық форматта қолдану «Байқоңыр» ғарыш кешенінде туризмді дамытуға ықпал етеді», – деп атап өтті Бағдат Мусин.
Еске салайық, Байқоңыр ғарыш айлағы туристер үшін ұйымдастырылған топтармен өткен жылдың сәуірінде ашылған болатын.