Қалалық қоғамдық-саяси газет

Меркілік саудагерлер митингке шықты

0 1  209

Бүгін Facebook әлеуметтік желісінде Меркі ауданының орталығы Меркі ауылында наразылық танытып жиналған саудагерлер бейнеленген бейнежазба таралды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Онда жазба авторы аудан орталығындағы базардың қақпасының басқа жаққа ауыстырылуына қарсылық білдірген кәсіпкерлер көшені жауып, көлік қатынасын тоқтатқанын айтады.

Кейінірек белгілі болғандай, оқиға күндізгі сағат 12:50 шамасында Меркі ауданы әкімдігінің алдында болған. Ғимарат алдына жиналған 100-ге жуық саудагер орталық базардың жабылуына жол бермейтіндерін айтып, орталық көшенің үстіне шығып, жолды жауып тастаған.

Бейресми мәлімет бойынша, қазіргі уақытта аудан әкімі Руслан Нұрсипатов, аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев пен ауылдық округтердің әкімдері жиналғандармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өз кезегінде полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында шараларды қолға алған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.