Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде Меркі ауданы көркемөнерпаздарының «Әуенді Тараз кештері!» атты концерті өтті.
Ұлттық өнерді кеңінен насихаттап, жазғы мезгілде ашық аспан астында өңір тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған шараның шымылдығы «Жібек жолы» би ансамблінің тамаша композициясымен түрілді. Бұдан кейін шара Ш.Мамасерікованың сөзіне жазылған «Мерей» және «Меркі әуендері» ән-би ансамбльдерінің орындауындағы «Жерұйығым – Меркім!», «Таразым», «Желкілдек», «Ақжайнақ», «Меркі», «Қара жорға», «Жеңешем» атты әсем әндерге ұласты. Сондай-ақ «Көзқарасың», «Өзгеше биле», «Жүрек алдамайды», «Досыма жазған», «Ләйлі», «Ностальгия», «Сені маған Тәңірдің өзі сыйлаған», «Сырғаңның сыңары», «Майда-майда» сынды бірқатар заманауи әндер көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Жасмин ФАЗЫЛОВА