Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мерекелік шаралар 20 тамыздан басталады

0 142

Бүгінгі күні ҚР Конституциясы күніне орай қала аумағында өткізілетін іс-шаралар тізбесі дайындалып отыр. Жоспарға сай 35 көпшілік шара өткізілмек. Қала әкімінің аппараттық кеңесінде осы мәселе күн тәртібіне көтеріліп, жан-жақты қаралды.

Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекованың айтуынша, 11 дөңгелек үстел отырысы, 2 конференция, 2 құттықтау рәсімі, 3 мерекелік кеш, 2 спорттық іс-шара, 4 көрме, 2 концерттік бағдарлама және тағы басқа 9 іс-шара өткізу жоспарлануда екен. Барлық мерекелік шаралар 20 тамыздан басталмақ. Қала әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил жиында мерекелік шараларды барынша насихаттауды және бұқараны көптеп тартуды жауапты мамандарға тапсырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қалалық ТЖКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының м.а. Ерболат Сейтбеков баяндама жасады. Биыл бас жоспарға сәйкес, 34 жоба бойынша жолдарды орташа жөндеу, 2 жоба бойынша қайта жаңғырту, 12 877 шаршы метрді ағымды жөндеу, сондай-ақ апаттық қалпына келтіру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын атқару жоспарланған екен. Қазіргі таңда Өзбек көшесінің бұрылыстары, Дулати көшесінің бұрылыстары, Еспаев көшесінің 2-бұрылысы, Комратов көшесінің бұрылысы және Тюленин көшесі, Қашқари көшесі, Аппасов көшесі толығымен жөндеуден өткен. 15 нысанда жұмыстар әлі жүргізілуде. Қаланың 70 көшесі мен бұрылыстарына ағымды жөндеуге бюджеттен қаржы бөлініп, 12 877 шаршы метрді құрайтын жолда жөндеу жұмыстары басталған. Сонымен қатар апаттық қалпына келтіру бойынша Жамбыл даңғылындағы аспалы көпірдің 16 дана температуралы-деформациялық жіктері ағымды жөндеуден өткен.
Жиынды қорытындылаған Қайрат Әбілханұлы жауаптыларға жүргізіліп жатқан жұмыстардың мерзіміне және сапасына назар аударуды тапсырды.

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.