Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мерекелік марапат!

0 231

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Ел Егемендігінің 30 жылдық мерекесіне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты салтанатты іс шара өткізді,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Шараға осы саланың ардагерлері мен қылмыстық атқару жүйесінде жұмысын мінсіз атқарған қызметкерлердің ата – аналары арнайы шақырылды.

Айтулы кеште Қазақстан республикасының Президенті Қасым-Жомар Тоқаевтың Жарлығымен 6 қызметкер, Ішкі істер министірінің бұйрығымен 5 қызметкер Қылмыстық атқару жүйесі төрағасының бұйрығымен 6 қызметкер, облыс әкімінің бұйрығымен 7 қызметкер және полиция департаменті бастығының бұйрығымен 4 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар ардагерлер мен ата-аналар да алғысқа бөленді.

Кадр саясаты бөлімшесінің бастығы әділет капитаны А.Ерубаева

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.