Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Көне Тараз» кешенінің «Көрме павильонында» «ШЕРХАНТАНЫМ: қазіргі қазақ әдебиеті мен баспасөзінің даму үрдісі» ғылыми-практикалық конференция өтті.
Басқосуды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, жазушы-журналист Мейрамбек Төлепберген жүргізді.
Шара барысында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып сынды азаматтар сөз алып, Шер-ағаның қайраткерлік, жазушылық болмысы төңірегінде кеңінен әңгімеледі.
Бұдан кейін мерейтойға орай жарық көрген облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйытқысымен Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы құрастырған жазушының қолжазбалары, күнделіктері негізінде «Ауылды, сені сағынам» атты екі томдық жинақ пен атпал азамат Ерболат Саурықовтың демеушілігімен Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығыдайындаған жазушының 5 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді.
Жұмаш Жолболды