Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мерейлі отбасылар марапатталды

0 685

Бүгін Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бақдәулет Сариев «Мерейлі отбасы – 2022» ұлттық конкурсының қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады. Әуелі Бақдәулет Жолдасұлы байқаудың маңыздылығына кеңінен тоқталды.

– Бұл сайыстың мақсаты – отбасы институтын нығайту, рухани қасиеттер мен отбасылық құндылықтарды насихаттау.  Осымен 8-ші рет ұйымдастырылған конкурсқа биыл Тараз қаласынан әр түрлі салада еңбек етіп жүрген  9 отбасы қатысып, бақ сынады, – деген Б. Сариев жүлдегерлерді құттықтап, ізгі лебізін арнады.

Байқау нәтижесі бойынша Ержановтар мен Махашевтар отбасы жеңімпаз деп танылып, облыстық кезеңге жолдама алса, Бәкір жанұясы үздік үштікті түйіндеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.