Журналист Құралай Сейсенбек өзінің Мақпал Жүнісовамен ұқсастығы жайлы айтты. Көпшілік өзін Мақпал Жүнісовамен шатастыратынын, тіпті қызықты жайттарды бастан өткергенін ашық айтты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Журналист өзінің Мақпал Жүнісовамен ұқсастығын айтып, қызықты жайттарды баян етті.
“Фотограф Болат Омаралиев желіде Мақпал Жүнісованың суретін жариялапты. Мақпал апайдың жас күнгі фотосын жария еткен. Бұл фотоның ұтып тұрғаны жұмулы көздері. Жұмылған көздер сұлулықты көрсетіп тұр” деп жазған. Енді есіме түскені, мені Мақпал апайға көп ұқсатады. “Мақпал Жүнісованың туысысыз ба?” деп сұрап жатады.
Бірде автобуста тұрсам, бір кісі ішіп тұрған суын төгіп алды. Маған қарап “Мақпал Жүнісова” деп айқайлады. “Мақпал Жүнісова автобуспен жүреді екен” деп қарқылдап күле бастады. Жолаушылар да маған қарап күліп тұрды. “Шынында да ұқсайды екенсіз” деді бәрі. Мен де Мақпал апам секілді қарқылдап күлем. Сызылып күле алмаймын. Сол үшін де ұқсас шығармыз”, – деді ол.
Желі қолданушылары да олардың ұқсастығын айтып, пікір жаза бастады.
“Ұқсайсыздар екен! Керемет! Алланың нұры жаусын! Барлық жақсылық Алладан болсын!”, “Алланың жаратқаны ғой”, “Шынында да аумайсыздар”, “Қазіргі кезіне ұқсайтын шығарсыз”, “Адамдар бір-біріне ұқсай береді”, – деді олар.