Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мені халық ұмытпайды»: Шәкен Амантұров «Алдараспан» театрынан не себепті кеткенін айтты

0 218

   “Алдараспан” театрының актері өз бетінше жеке кеткенін мәлімдеді. Оған өзіндік себеп те бар. Актер әйел рөлін сомдау, актердің осал тұсы, тағы басқа тақырыпта әңгіме өрітті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы “Бетпердесіз” бағдарламасында айтылды.

Шәкен Амантұров соңғы уақытта театр қабырғасынан көрінбей кетті. “Алдараспаннан” не себепті кеткенін өзі түсіндіріп берді. Қимастық танытқан көрермендері ыстық ықыласын жеткізді.

“Мен ата-анамның қолында тұрамын. Осы уақытқа дейін іс-сапарлатып жүрдік. Қанша түзде жүрдік. Өнер адам болған соң біздің жұмысымыз сол. Отбасы, бала-шаға, ата-анаға аз уақыт бөліп кеттім. Сондықтан ендігі уақытымды өз отбасыма арнайын деген ниетпен өзімнің тарапымнан театрдан кетсем деген тілек болды. Ешкіммен араз емеспін. Ешқандай реніш болған жоқ. Бәрімен дос, бауыр, татумын. Тек елде қалғанды жөн көрдім”,  деді ол.

Актер театрдан кеткенімен, өнерден кетпек емес. Себебі әлеуметтік желі, сериал, түсірілімдер болса, бас тартпайды.

“Мен өнерден кетпеймін. Менің кәсіби мамандығым – актер. Мен барлық ұсыныстарды қабылдаймын. Киноға да түсермін. Желіде де белсенділік танытуға болады. Сондықтан ұмыт болып қаламын деп ойламаймын”, – деді Амантұров. 

Актер әйел рөлін ойнайтын ер азаматтарды сынаушыларға жауап берді.

“Бұл өнер. Актер режиссердің берген рөлін онайды. Актер болған соң ол барлығына дайын болу керек. Егер мен жақсы ойнап тұрсам, егер мені көрермен солай көргісі келсе, неге әйел болмасқа? Ол өмірде әйел болып кетті дегенді білдрмейді ғой. Мен сын айтатындарды түсінбеймін”, – деді Шәкен мырза.

Актер сал-серілік жолда жүргенімен, жеңіл жүріске уақытым жоқ деп кесіп айтты.

“Сал-серілік ол – өнер. Қазақ серілік бұрыннан бар. Бірақ оны жаман жағынан ғана түсінетіндер бар. Қызқұмарлық, қызға көңіл ауу деп ұғатындар бар. Серілік өнер көрсету. Солайша ел ықыласына бөлену. Біз де серіміз, актерміз, ел аралап көп жүреміз. Бірақ менің жеңіл жүріске, қыз қууға уақытым жоқ. Мен әйелімнен қорқып емес, өз шындығымды айтып жатырмын. Мен өнер көрсетемін, ақша табамын, отбасымды ойлаймын”, – деді ол.

“Орныңыз ойсырап қалған екен нағыз өнерді дамытып жүрген жансыз Еңбегіңіз еселенсін”, “Сіз, әсіресе, қарттар үйіндегі ойнаған рөліңіз керемет. Есімнен кетпейді. Қайда жүрсеңіз де аман болыңыз”, “Кинода сізді көргіміз келеді. Өте тамаша керемет”, – деп жазды көрермендер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.