Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Менделеев сыныптары» жобасының тұсаукесер салтанаты өтті

0 385

Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Қазақстандағы алғашқы «Менделеев сыныптары» жобасының тұсаукесері өтті.

«Менделеев сыныптары» жобасы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және «ҚазФосфат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісім аясында жасалып отыр. Тараз қаласының әртүрлі мектептерінен 50 оқушы химия және математика бойынша қосымша тереңдетілген оқу бағдарламасын игеретін болады.

Тұсаукесер салтанатында лентаны Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінен Mendeleev Халықаралық бизнес академиясының директор орынбасары Елена Хаванская, «ҚазФосфат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Ғани Тоқсанбаев кесті.

Іс-шараға Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің, «ҚазФосфат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушылары, студенттер және Тараз қаласы мектептерінің оқушылары қатысты.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.