Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау – басым бағыттардың бірі

0 1  884

Қазіргі кезеңде мемлекеттік аппараттың алдында тиімділігі жоғары, мобильді, азаматтарға бағытталған және үнемі жетілдіріліп отыратын ұйымға айналу қажеттілігі тұр.
Бұл ұйымның негізгі капиталы – онда жұмыс істейтін қызметшілер. Олардың жоғары кәсібилігі мен нәтижелілігі ел азаматтарына тиімді қызмет етудің кепілі болып табылады.
Жоғары кәсіби қызметкерлер өздерінің әлеуетін мемлекеттік аппарат пен қоғамның мүддесіне бағыттауы үшін мемлекеттік қызмет қолайлы жұмыс орнына айналуы керек.
Бұл ретте көрсетілген мақсатқа қол жеткізу құралдарының бірі мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдепті сақталуына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
2023 жылдың 9-айының қорытындысы бойынша жүргізілген бақылау шараларының нәтижесінде жалпы 5 тұлғаның бұзылған құқықтары қалпына келтірілген, оның ішінде 3-і мемлекеттік қызметшілер.
Мәселен, Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінің (бұдан әрі – Жер ресурстары департаменті) қызметіне жүргізілген жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде, мемлекеттік қызметшіге жыл сайынғы еңбек демалысы негізсіз берілмегендігі анықталды.
Осыған орай, Департамент тарапынан Жер ресурстары департаментіне анықталған заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, мемлекеттік қызметшіге тиісті еңбек демалысы беріліп, оның бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
Одан бөлек, Департаментпен жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізудің 2023 жылға арналған жоспары бекітілді.
Бекітілген жоспарға сәйкес, Департаменттің мамандарымен тұрақты түрде мемлекеттік органдарға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізілуде.
Сондай-ақ, жұмыс уақыты режимінің сақталуына қашықтықтан, яғни «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізу нәтижесінде 24 мемлекеттік қызметшіге қосымша демалыс уақыттары берілді.
Осы бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отырады, өйткені уәкілетті орган ретінде Департаменттің міндеттерінің бірі мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын мен бостандықтарын қорғау болып табылады.

К.Мадиев,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Жамбыл облысы бойынша департаментінің
мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
басқармасының басшысы 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.