Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік қызмет мінсіз көрсетілуде

0 158

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО) 61 мемлекеттік қызмет түрі (кіші қызмет түрімен (77) қосқанда 138) көрсетіледі.

Оның ішінде:
– қағаз түрінде – 5 қызмет түрі (8 %);
– электронды түрде – 44 қызмет (73 %);
– мемлекеттік корпорация арқылы – 12 қызмет (19 %).
2023 жылдың ІІ тоқсанында қала бойынша ЖАО 32 980 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
– электронды түрде – 32 408 қызмет (98,27 %);
– қағаз түрінде – 572 қызмет (1,74 %);
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 1912 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2023 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 405 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер), 1 450 000 халық қамтылды.
2023 жылдың ІІ тоқсанында мемлекетік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 1 ЖАО-ның қызметкері өтті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес, ІІ тоқсанда әкімдіктің 2 бөлімінде, атап айтқанда Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында 2023 жылдың 25 сәуір – 11 мамыры аралығында және Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінде 2023 жылдың 22 мамыры – 02 маусымы аралығында ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Тараз қаласы әкімі аппаратының
мемлекеттік көрсетілетін қызметті
мониторингілеу бөлімшесі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.