Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік қызмет баршаға қолжетімді

0 64

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО) 47 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Оның ішінде:
– қағаз түрінде – 3 қызмет түрі (7 %);
– электронды түрде – 44 қызмет (93 %).
2025 жылдың ІV тоқсанында қала бойынша ЖАО 16 925 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Оның ішінде:
– электронды түрде – 16 627 қызмет (98,3 %);
– қағаз түрінде – 298 қызмет (1,7 %).
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 2 095 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері – қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2025 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болмады.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 257 түсіндірме іс-шара жүргізді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес, ІV тоқсанда Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінде 2025 жылдың 18-28 қараша аралығында ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді.
2025 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның 5 қызметкері өтті.

А.АЛИМБЕТОВА,
Тараз қаласы әкімі аппараты
мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу бөлімшесінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.