Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік бюджетке 7,9 трлн теңге түсті

0 267

Қаңтар мен кыркүйек айларында мемлекеттік бюджетке 7,9 трлн теңге түскен. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкмітеттің отырысына айтты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, 9 айда мемлекеттік бюджетке 7 трлн 912 млрд теңге сомасында кірістер түсіп, жоспар 104% орындалған. Соның ішінде республикалық бюджетке 5,1 трлн теңге түсіп, жоспар 100,1% орындалған.

«Жалпы, кірістер бойынша жоспар 7 млрд теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде салықтар 22 млрд теңгеге атқарылса, салықтық емес түсімдер 17 млрд теңгеге атқарылмады. Салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомалары корпоративтік табыс салығына, пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салыққа және ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығына тиесілі болды», – деді ведомство басшысы.

Министрдің мәліметі бойынша, корпоративтік табыс салығының жоспары 672 ірі салық төлеушінің мәлімделген аванстық төлемдері 66,4% ұлғаюына байланысты асыра орындалған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.