Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекетік қызмет сапасы артып келеді

0 206

Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.

әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат олардың қоғамға толыққанды интеграциялануына және халықтың осы санаты басқалармен тең өмір сүруі, жұмыс істеуі және оқуы, қоғам өміріне еркін қатысуы, белгілі бір шешімдер қабылдауы және т.б. үшін кедергілерді еңсеруге, жоюға бағытталған.

Мүгедектігі бар адамдар көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік- ортопедиялық көмекпен, сурдо- тифлотехникалық құралдармен, кресло-арбалармен, санаторлық- курорттық емдеумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Мемлекет мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдауда. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 2020 жылы мүгедектігі бар адамдарға техника лық құралдар (бұдан әрі – ОТҚ) өндірушісі мен жеткізушісін және оңалту қызметтерін өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. Порталды енгізудің нәтижесінде оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуын 87%-ға дейін жеткізуге, сондай-ақ тұрғылықты жеріне қарамастан қызметтер мен техникалық құралдарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мүгедектігі бар адамдардың қажетті техникалық құралдар саны көбейтіліп, түрлері де заман талабына сәйкестендірілген. Бұрындары міндетті гигиеналық құралдар түрі 8 болса, бүгінде 14 түрі бар. Сол сияқты арнаулы жүріп-тұру құралдарының серуендік және бөлмелік, рычагты жетегі бар серуендеуге арналған кресло-арба 3 түрі болса, қазіргі таңда 6 (белсенді типтегі, электр жетегі бар, көпфункционалды (әмбебап) кресло-арба) түрлерімен толықтырылған.

2023 жылы жалпы мүгедектігі бар адамды реабилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарла- масында көрсетілген көмекші құралдармен қамтамасыз ету үшін жергілікті және республикалық бюджеттен 1604873,0 мың теңге қарастырылған.

Құжаттарды цифрлы форматқа көшіру – мемлекеттің басты бағыттарының бірі. Қағазбастылықтан арылып, неғұрлым онлайн қызметтерді көбейту – әлемдік ақпараттық технология көшіне ілесудің бір жолы.

Қағазбастылықты, көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмау мақсатында бөліммен көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам, «Электрондық үкімет» веб- порталы арқылы көрсетіледі.

Бүгінгі таңда жұмыс барысында басшылыққа алатын «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» №39 Заңына өзгерістер енгізілген. Мүгедектігі бар баланы санаторлық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің біріне санаторийде болу құнын санаторлық-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың 70% мөлшерінде өтеу түріндегі өзгеріс енгізілді.

Бүгінгі күні туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру және мүгедектігі бар адамдардың қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында стационар, жартылай стационар және үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Қажеттілікке байланысты арнаулы әлеуметтік қызметтер 8 бағыт бойынша ұсынылады: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік- педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік- экономикалық, әлеуметтік- құқықтық.

Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді және кедергісіз орта құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жергілікті жерлерде объектілерді бейімдеу және мүгедектігі бар адамдарға о сы ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі шараларды мониторингілеу үшін «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталы жұмыс істейді. Порталдағы деректерді жергілікті атқарушы органдар толтырады, ал қолжетімділікті бағалауды мүгедектігі бар адамдар мен олардың бірлестіктері тікелей береді.

Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық көлікте өз бетінше жүріп-тұруына жағдай жасау мақсатында төмен еденді жаңа 40 автобус сатып алынып, қала тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Әлеуметтік маңызы бар мекемелер мен ғимараттарға апаратын көше қиылыстарында мүгедектігі бар адамдардың сұранысы бойынша 26 жол белгілері мен нашар көретіндерге арналған дыбыстық сигналдар орнатылған.

Халықтың әлеуетін арттыру көзделген бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғаса бермек.

Айдар АЙНАБАЛА

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.