Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекетаралық іздеуде жүрген жас жігіт Алматыда ұсталды

0 611

Тараздық пробация бөлімінің қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген жас жігітті Алматы қаласында құрықтады.
Пробациялық бақылаудан жалтарушыларды іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Тараз қалалық №1 пробация бөлімінің бастығы, әділет майоры А.Ниязымбетов пен инспектор, әділет аға лейтенанты С.Алтынбек мемлекетаралық іздестіру жарияланған О есімді сотталған азаматты ұстады.

Тексеру кезеңінде жас жігіт масаң күйде болғандықтан, жағдайды анықтау үшін Жамбыл облыстық наркологиялық диспансеріне жеткізілді.

2003 жылғы жас жігіт Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 191 бабының 2 бөліміне (Тонау) сәйкес кінәлі деп танылып, сот үкімімен оған «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Бүгінгі таңда сотталған азамат Алматы қалалық Алатау аудандық сотының үкімі негізінде Тараз қаласындағы №67 мекемеге (тергеу изоляторы) қамауға алынды.

Айта кетейік, ҚАЖ қызметкерлері тұрақты негізде сотталған азаматтар мен пробациялық бақылау орнатылған жазасын өтеушілерді іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.