Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекет басшысының бастамаларына халық сенім білдіреді һәм қолдайды

0 1  622

Б.Қарашолақов,

«Жамбыл облысы кәсіподақтар  орталығы»

аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қасіретті қаңтар сабағы»: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты баяндамасында тәуелсіздік жолындағы тарихымызға ден қойыла отырып, жаңа міндеттер легі тізбектелді. Сондай – ақ, ел іргесінің сөгілмей, рухани жаңғыруы үшін Жаңа Қазақстанды құрудың алғышарттары жасалды.
Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясаты алдағы уақытта, ең алдымен барлық Қазақстандықтардың өмір сүруі,адамның еңбек құқығын қорғаумен әл-ауқаты жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етумен байланысты екенін атап өтті. Бұл ерекше қолдауға тұратын батыл шешім екендігі даусыз.
Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағына жол ашатын өзекті мәселелердің барлығын осы мәлімдемеде қамти келе, көлеңкелі тұстардың қиыншылықтарын еңсеруге шақырды. Президенттің бұл шешімі елдің болашағы, қоғамның дамуы үшін нақты қадам болғандығына алаш жұртшылығы куә. Болашақ міндеттерді айқындаған бұл үндеу – жаңа дәуірдегі мемлекет тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің кепілі болмақ. Қазақстан халқы бұл шешімді оң өзгеріске балап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға жан – жақты қолдау білдіріп отыр. Себебі, бұл заман талабы әрі уақыт қажеттілігі.
Кәсіподақтар ұйымдары саяси жаңарудың Қазақстандағы бостандықтар құндылығын, әлеуметтік әділдік және теңдікті қамтамасыз етудің жан-жақты шараларын қамтамасыз етіп қана қоймай, еңбекшілердің жұмыс орнындағы және қоғамдағы беделін орнықтыруға барынша күш салып, еңбек қатынастарынан туындаған жеке және ұжымдық еңбек дауларының заңды тәртіппен қаралуын қамтамасыз етуде белсенділіктері артып келеді.
Елдігіміз бен егемендігіміз сыналар тұста біз күшіміздің бірлікте екендігін дер кезінде ұғынғандығымыз көңілге қуаныш сыйлайды. Әсілі, ұлттық болмысымызды айшықтайтын рухани құндылықтарымызды аяқ асты етпеу, мемлекет мүддесі үшін білек сыбана оң шешімдер қабылдаған ел Президентін қолдау – біздің азаматтық парызымыз болуы тиіс. Сондықтан, осы уақытқа дейін орын алған ішінара оқылықтардың орнын толтырып, ел индикаторы саналатын жастардың тәрбиесіне бей –жай қарамағанымыз абзал. Шындығында, біз, өткенін тәубе етіп, бүгінін бағалап, ертеңіне зор сенім артатын елміз.
Жаңа Қазақстанның серпінді қадамдары ел игілігіне бағытталған жаңа леп, тың өзгерістер және мол мүмкіншіліктер сыйлайтынына бек сенімдіміз. Бұл үшін сіз бен біз сөзден іске көшетін уақыттың келгендігін ескере отырып, бәсекеге қабілетті ұлт ретінде өзіміздің қарымды қадамдарымызды, ұтымды шешім қабылдауда іркелместен нық басуымыз қажет.
«Жаңа Қазақстанды» бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында бірлесе еңбек етейік. Бұл бәріміздің алдымыздағы ең басты міндет әрі парызымыз!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.