Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекет басшысы: Елімізде су тапшылығы пайда болды

0 543

Дамыған елдерде жарық пен суға дейін үнемдеп пайдалану жоғары деңгейдегі қоғамдық мәдениетке айналған. Президент Қазақстанда мүлде кереғар жағдай қалыптасқанын айтты. Осы тұста миллиондаған адамның ысырапшылдығы бүкіл елдің байлығын желге ұшыратынын айтқан Мемлекет басшысы елдегі су мәселесін қозғады.

Мемлекет басшысы бұл – Қазақстан үшін аса маңызды мәселе екенін айтып, елімізде су тапшылығы пайда болғанын алға тартты.

«Бізде материалдық қана емес, рухани ысырапшылдық та бар. Өзіңді, еліңді дамытуға қажетті қаншама алтын уақыт өнбейтін дау-дамайға, еш пайдасы жоқ іске жұмсалып жатыр. Әрқайсымыз үнемшіл әрі ұқыпты болсақ, еліміздің берекесі арта түсер еді. Ұрпақтың санасына осыны сіңіре беруіміз қажет. Осы дерттің бәрінен түбегейлі арылсақ, ұлтымыздың сапасын жақсартамыз, оны мүлде жаңа деңгейге көтереміз. Қоғамға қауіпті кеселдермен күресуге зиялы қауым, ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, барлығы бір кісідей жұмылуы керек. Мұны әрбір азаматтың және бүкіл қоғамның міндеті деп түсіну қажет. Себебі бұл – ұлттың болашағына тікелей қатысы бар мәселе», деді Президент.

egemen.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.